Правовые акты
30 ViewsОб утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі 22 сентября 2026 года В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституционного закона Республики Казахстан «О Қазақстан Халық…
Кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне алимент өндіру мақсатында Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасымен бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылдың басынан бүгінге күнге дейін 3 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 1 борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізілуде.
Аудан прокуратурасының бастамасымен жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында жұмыс топтары және жұмысқа орналастыру алгоритмі құрылып, атқарылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыз жүрген борышкерлер жұмыспен қамтылуда.
Одан басқа мемлекет пайдасына қаражаттың өндірілуін арттыру және алименттің төлеуін қамтамасыз ету мақсатында борышкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығына ақпараттық жарнама тақтасы (баннер) әзірленіп орнатылды.
Л.Аманшаева,
аудандық прокуратураның
прокуроры.