379 Views
Біз бұған дейін газетімізде шахматтан Қырғызстанның Ыстықкөл қаласында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Айару Каипованың жүлделі
І орын иеленгені туралы ақпарат берген едік.
Қуаныштың үстіне қуаныш қосылды, алдияр оқырман! Айару Ниязбекқызы шахматтың рапид және классикалық түрінен өзге қатысушылардан дара болып, чемпион атанды. Кеше Ыстықкөлде Азия чемпионатының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Айарудың әкесі Ниязбек Каипов марапаттау рәсімінен бізге видео жіберді. Осылайша айыр қалпақты қырғыз ағайындардың елінде Қазақ елінің Әнұранын шырқатқан жас шахматшының туа бітті болмысына қайран қалдық. Айарудың Әнұранымызды шырқаған сәтін көрсеңіз, шіркін!..
Азия чемпионаты болғандықтан, бұл жарысқа қатысушылардың саны өте көп болды. Жерлесіміз алты жасқа дейінгі категорияда бақ сынап, өзінің шеберлігін паш етті.
Уәде еткеніміздей, Айару мен оның әкесі Ниязбек Каипов елге оралған соң біз міндетті түрде сұхбат алатын боламыз. Әзірше, осындай ақжолтай хабарды өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік.
М.Жолдасбекұлы.
Поделиться ссылкой: