23 маусым – Қазақстан полициясы күні
46 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өткен сәрсенбіде облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссияның кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Бұл келелі кездесуге Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының идеологияға жауапты басшылық құрамы мен мектеп директорлары қатысты.
Келелі отырыста бала тәрбиелеу ісіндегі олқылықтар айтылды. Мектепте жұмыс жасайтын психологтардың кәсіби деңгейі турасында да әңгіме қозғалды. Кеңейтілген көшпелі отырыста аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, отырыста бала тәрбиелеу ісін тек мектеп мұғалімдеріне итеріп қоймай, оқушылардың ата-аналарымен де бірлесіп, жұмыс жасау қажеттігі баса айтылды. Отырыс соңында Нұржан Сәбитұлы жаңа оқу жылы таяп қалғанын тілге тиек етіп, идеологияға жауапты басшылар мен мектеп директорларына дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
М.Жолдасбекұлы.