Назардағы нысандар: мен Мерзім

103 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан орталығында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын зерделеді. Аудан басшысымен бірге назардағы нысандарды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев, Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров және жауапты сала басшылары аралады.

Ең алдымен аудан әкімі Ернар Серікәліұлы «Арай» тұрғын-үй алқабының жоғары жағында құрылысы басталған су іркуіш имаратының жұмыстарын көрді. Бүгінде онда нысанды қоршау, су шығару жұмыстары басталған. Аталған нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Айта кетейік, бұл баянды бастама Құлан ауылындағы жаз мезгілінде ауыз су тапшылығын толығымен шешу мақсатында қолға алынып отыр.
Аудан әкімінің назарына іліккен келесі нысан – Құдайберген датқа ескерткіші маңындағы сквер. Бүгінде аталмыш шағын саябақты абаттандыру, көріктендіру жұмыстары қолға алынған. Дәл сондай жұмыстар аудандық салық басқармасы маңындағы саябақта да жүріп жатқаны белгілі. Онда дәл қазір демалыс орнын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы зерделеу, назардағы нысандарды тексеру барысында әр нысанның мердігерлерімен тілдесіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, оларға атқарылып жатқан жұмыстар өз мерзімінде әрі сапалы орындалу керектігін ашып айтты.

Ж.СҰЛТАН.

 

Поделиться ссылкой: