Пятница начинается с такого видео
118 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Шыны керек, «Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе» бағытындағы жолдың «жыры» сан мәрте айтылды, жазылды.Оған аудандық атқарушы билік өкілдері де назар аударып, биыл тұрғындар көтерген сол мәселе шешімін тапты ақыры. «Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе» бағытындағы жолды асфальттау жұмыстары «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Оған жалпы құны 352,7 миллион теңге қаражат бөлінген. Мұндай қаражатты аудандық бюджет көтере бермейді. Сондықтан 50 де 50, яғни 170,9 миллион теңге облыстық бюджеттен, ал 181,8 миллион теңге аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, қазір асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Біз сәрсенбі күні барып көрдік. Мердігер «Құлан жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 шақырымды құрайтын жолдың 3 шақырымына асфальт төсеп үлгерген екен. Жолды асфальттау жұмыстары әлі де жалғасады.
«Құлан таңы» ақпарат.