Кәсіпорын жұмысымен танысты
Аудан әкімі Ернар Есіркепов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан ірі салық төлеуші кәсіпорынның бірі «Азиялық газ құбыры» мекемесінің жұмысымен жақын танысып, ондағы жұмысшылармен тілдесті. Аудан әкімінің жұмыс сапарының басты мақсаты – аталмыш кәсіпорын басшылығымен серіктестік орнатып, бірлесіп жұмыс атқару. Іссапар барысында аудан басшысы кәсіпорындағы технологиялық процесс барлық заманауи талаптарға сай екендігіне, жұмыскерлердің еңбек және тұрмыстық жағдайы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш компания ерте көктемде орын алған су тасқыны кезінде халықпен бірге болып, арнайы техникаларын жұмылдырып, алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған болатын. Қос тарап кездесу барысында әріптестік қарым-қатынас орнатып, қысылтаяң сәттерде қол ұшын созуға уағдаласты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.