Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
110 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Су – тіршілік көзі және табиғаттың берген сыйы. Жер бетінің үштен төрт бөлігін яғни, 75 пайызын су алып жатыр. Суды күнделікті тұрмыста әр түрлі қажеттілігімізге пайдаланамыз. Судың адам өміріне және денсаулығына маңызы өте зор. Суда адамдар емделеді, тынығады, денсаулығын жақсартады. Бірақ, адам өміріне де қауіпті әсерлері бар. Ластанған сулар әртүрлі жұқпалы ауруларға шалдықтыруы мүмкін.
Судағы қайғылы оқиғалар көбінесе:
– суға жүзе алмағандықтан;
– мас күйінде шомылғандықтан;
– судағы дене мүшелерінің тырысуынан;
– балалардың үлкен адамдардың қарауынсыз шомылуынан;
– жүзу құралдарын дұрыс пайдалана алмаудан;
– судағы оқыс жағдайларда сасып қалуынан болады. Cуға шомылып қайықпен серуендейтін жазғы демалыс айлары да таяп қалды. Мейрам күндерін, отбасылық мерекелерді, серуендеуді табиғат аясында, өзен-көлдер жағасында тамашалағанға не жетсін. Суға шомылып, қайықпен жүзіп серуендеу арқылы сіздер денсаулықты жақсартып, күш-жігеріңізді, шыдамдылықты арттыруды жөн көресіздер. Суда жақсы жүзе білетін адамға су жағасында демалу қауіпті емес. Ондай адамдар суда жапа шеккендерге әрдайым өз көмектерін тигізе алады. Бірақ суда жақсы жүзетін адамдардың өздері судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағаны жөн. Бұған немқұрайлықпен қарауға болмайды, ол қайғылы оқиғаларға алып келеді. «Су – тілсіз жау» екенін ескере отырып, келесі ережелерді қатаң түрде есте сақтаған жөн:
– тек рұқсат етілген жерлерде (бассейндерде, арнайы жабдықталған жағажайларда) шомылыңыз;
– арнайы қойылған белгілерден аспаңыз;
– катерлерге, моторлы және ескекті қайықтарға жақын жүзбеңіз;
– қайықтардан, катерлерден, түрлі жүзгіш нысандардан, көпірлерден, жарлардан суға сүңгімеңіз.
ҚАТАҢ тыйым салынады:
– тақтайларды, бөренелерді, доптарды, үрлемелі резеңкелерді қолдануға;
– мас күйде шомылуға;
– бірін-бірі тұншықтырып ойнауға;
– жағажайда спирттік ішімдік ішуге;
– суды және жағажайды ластауға;
– жағажайға үй жануарларын, ит-мысықтарды әкелуге;
– жүзе білмесең белден жоғары жерлерге түсуге;
– қатты ағысты, иірімді жерлерге шомылуға болмайды.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.