Әріптес лебізі
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен қоғамға насихаттау мақсатында Астана қаласында өткен «Әділетті Қазақстанның тірегі – адал азаматтар» атты республикалық форумға Бәйтелі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Отарымбетова Балнұр Қалдыбайқызы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Балнұр Қалдыбайқызы білімді ғана емес, өз ісінің кәсіби білгірі. Сондықтан да осы уақыт аралығындағы еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Марапат өз иесін тауып отыр.
Балнұр Қалдыбайқызы алған марапатыңыз құтты болсын! Елдің қамын ойлап, халыққа қызмет ете беріңіз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!
Әлия Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.
