138 Views
Қазақ халқымыз ежелден ата-анаға деген сыйластық пен құрметті баланың бойына сіңіре білген. «Ана – сая болар бағың, әке – асқар тауың» дейді халқымыз. Мына өмірге қадам басқан әрбір перзент үшін ата-анасының бар болуы үлкен бақыт. Расында, бала үшін ананың орны маңызды болғандай, әкенің де рөлі жоғары тұрады. Әке – бұл отбасы деген кішігірім мемлекеттің орны толмас мүшесі, қамқоршысы, қоғамның негізгі бөлігі. Иә, сондықтан Әке жайлы тебіреніс әрбір перзенттің жүрек түкпірінен маңызды орын алатын ұлы толғаныс. Әке деген адамзат баласының тірегі, шырағы іспеттес. «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеуі тегін емес. Тіршіліктің сан-қилы қалтарыстарында перзенттің жол көрсетушісі, әділ нұсқаушысы.
Әке дегеніміз – біздің өміріміздегі алтын тірек, отбасының берік қамалы. Ол біздің қорғаушымыз, ақылшымыз және үлгіміз. Әрбір әкенің өмірінде балаларына деген махаббатының орны ерекше.
«Әлемнің әтірлері татымайды
Әкемнің иісі сіңген жейдесіне,» – дегендей әкелердің мәртебесі биік.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ауданымыздың 51 ерекше білімді қажет ететін балалары мен жассөпірімдері тәрбиеленуде. Аденов Марлан Тұрғынбекұлы басшылық етіп отырған мекемеде әр балаға жеке тұлға ретінде көңіл аударылып, отбасылық құндылықтар жайлы ата-аналармен түрлі іс-шаралар қамтылуда. Әрбір ерекше баланың отбасындағы орны, соның ішінде бала үшін әкенің рөлі жайында мақаламызда жаздық. Әрбір әкенің балаларына деген махаббаты ерекше және баға жетпес. Әкелер біздің басты қорғаушымыз және біздің өміріміздің басты қаһармандары. Осыдан келіп, әкелердің құрметі мен махаббатын әрдайым бағалауымыз керек. Әр әкенің махаббаты мен қамқорлығы біздің өмірімізді жарықтандырады.
М.Сайлыбаева,
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-нің психологы. Г.Акылбаева, тәрбиеші.
Поделиться ссылкой: