Поэзия түні өтті

286 Views

Өткен бейсенбіде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ақиық ақын, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали өлеңдері» атты поэзия түні өтті.
Поэзия түнінде ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арнал­ған бейнеролик көрсетіліп, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзия­сына деген құштарлығы то­лас­таған емес. Мұқағали әлеміне те­реңі­рек бойлап, оның сыршыл поэзия­сынан кітапхананың тұрақты оқыр­мандары мен қызметкерлері жыр шумақ­­тарын мәнерлеп оқыды.
Мұқағали Мақатаевтың маржан поэзиясы – мәңгілік. Ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

Әлия Искакова,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: