НӘЗІКТІК пен ҚАЙСАРЛЫҚ тоғысқан жол
9 ViewsЖуырда Тараз қаласында бокстан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары аралығында туылған жастар мен жасөспірім қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша №24…
Сейсенбі күні ауданымызда
Ұстаздар күніне арналған
салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға ардагер
ұстаздар, мектеп мұғалімдері,
балабақша тәрбиешілері және
білім саласының өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында
аудан әкімі Ернар Есіркепов пен
аудандық мәслихат төрағасы
Ербол Әбутәліпов ұстаздар
қауымын кәсіби мерекелерімен
құттықтап, жас ұрпаққа сапалы
білім мен саналы тәрбие берудегі
еңбектерінің маңыздылығын атап
өтті.
Жиында білім беру саласында
жемісті еңбек етіп, ұрпақ
тәрбиесіне және ауданның
дамуына елеулі үлес қосқан
азаматтар ҚР Оқу-ағарту
министрлігінің түрлі деңгейдегі
марапаттарына, сондай-ақ, облыс
әкімі, аудан әкімі, аудандық
мәслихат және кәсіподақ ұйымы
тарапынан төсбелгілерге, Құрмет
грамоталары мен Алғыс хаттарға
ие болды. Сонымен қатар
байқауларда жетістіктерімен
көзге түскен ұстаздарға аудандық
білім бөлімі мен облыстық оқуағарту, ғылым және жоғары
білім қызметкерлері жергілікті
кәсіподағының Т.Рысқұлов
аудандық филиалы атынан
ақшалай сыйақылар табысталды.
Шара барысында мерекелік
концерттік бағдарлама ұсынылып,
өнерпаздар ұстаздар қауымына
арнап әсем әндер орындады.
Бұл күн – ұстаздарға деген
шынайы құрметтің, олардың
еңбегіне берілген жоғары бағаның
айқын көрінісі болды.
«Құлан медиа» ақпарат.