Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

117 Views

Еңбек қатынастарын реттеу және жұмысшылардың құқықтарын сақтау мақсатында ауданға қарасты мекеме өкілдерінен құралған жұмысшы топ түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше топ мүшелері кәсіп­кер­лік нысанды аралап, еңбек шарттарының заңға сай жасалуы, жала­қының уақытылы төленуі және жұмысшылардың әлеуметтік құқық­тарының қорғалуы жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді жұмысқа тарту тәртібі туралы да түсіндірілді. Бұл жастағы азаматтарды еңбекке тарту ерекше талаптармен ғана жүзеге асырылатыны ескертілді. Мұндай түсіндіру шаралары еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ақжарқын Мұратбек.

Поделиться ссылкой: