Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
39 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдау өткізіп, қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдарына құлақ түрді. Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындардың бірді-екілісі баспана, тұрақты жұмысқа орналасу жайымен қайырылса, тұрғындардың кейбірі Дулат баба кесенесінің қазіргі жай-күйіне баса көңіл аудару қажеттігін алдыға тартып, сауал қойды.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы баспана мен тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін Құлан ауылының тұрғындары қойғандықтан, осы ауылдық округтің әкімі Еркін Сейтжапаров пен аудан әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Сматілданың пікірін тыңдап, тиісті сауалдарға нақты мысалдармен жауап қайырды. Ал аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгеріміндегі Дулат баба кесенесінің маңы абаттандырылғанын сөз етіп, биыл дәл осы кесенені жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжат та әзірленгенін жеткізді. Қойған сауалдарына дәйекті әрі шынайы ақпарат алған тұрғындар аудан басшысының іскерлігіне ризашылықтарын білдірді.
Одан өзге былтыр ғана «Дендро» саябағының жанынан соғылған үйден кезек реттілігімен пәтерге ие болған бірқатар тұрғындар да қоғамдық қабылдауға келіп, жол мәселесінің проблема тудырып отырғанын айтты. Тұрғындардың бірі тіпті мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғанын жеткізіп, такси жүргізушілердің көбісі мұнда келуге құлықсыздық танытатынын айтты. Бұл мәселе де жеке өзінің бақылауындағы шаруа екенін айтқан аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселе өз шешімін табады деп сендірді. Осы тұрғын үйдің тұрғындары көтерген өзге ұсақ-түйек мәселелер де биыл өз шешімін табатын болады.
Марат Диханбай.