Жақсылық жасап жарысайық!

223 Views

Республикалық «Мектепке жол» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Бұл қайырымдылық акциясы республика аумағын қамтығандықтан, еліміздегі барлық білім беру мекемелері аталмыш шарадан қалыс қалмайды. Құлан ауылында орналасқан Құлан тірек мектеп-гимназиясы да биылғы акцияға атсалысып, жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, демеушілер есебінен мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуде. «Жақсылықты тек қана кәсіпкерлер жасайды» деген заңдылық жоқ, әрине. Сондықтан жақсылыққа жаны құштар ата-аналарды, қамқоршылық кеңес мүшелерін, жомарт жүректі ұстаздар да демеушілік көрсетіп, қол ұшын созамын деп жатса, нұр үстіне нұр. Жақсылық жасау – өзгеге де жылылық сыйлайтынын ұмытпайық.

Гүлжамал Асилова,
Құлан тірек мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы.

Поделиться ссылкой: