Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!

183 Views

Ақниет ауылдық округінде 2025 жылдың I және II тоқсанында 3 отбасыға, III тоқсанында 4 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды. Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек көрсету жаңа электронды нұсқада тапсырылуда. Бұл жаңаша нұсқада тапсыру атаулы әлеуметтік көмек алуды оңтайландырып, жұмыс барысы жеңілдетілді. Кедейшілік деңгейі округ бойынша 3,3%. Мем­лекеттік атау­лы әлеуметтік көмек алушылардан шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы 100% орындалуда.
Қайырымдылық іс-шаралары бойынша ағымдағы жылы 500 мың теңге көлемінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасыларға бір реттік әр түрлі көмек түрлері көрсетілген болатын. 2024 жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мемлекет тарапынан 35 оқушыға көмек беріліп, 20 оқушыға ауылдық округі тарапынан демеушілердің қолдауымен көмек берілген болатын. Осы жылы да мемлекет тарапынан балаларға берілетін көмектен бөлек, демеушілер тарапынан оқушыларға мектепке қажетті заттар табысталды. Ақниет ауылдық округі бойынша 2025 жылы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 30 азамат және осы жыл ішінде 15 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға қабылданып жұмыс істесе, 14 азамат шаруа қожалықтарында маусымдық жұмыстарды істеді. Оның бәрі нысаналы топтардан болды. Жастар практикасына жолданған – 1 адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылы ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 15 адамға өтінім беріліп, қазіргі уақытта 100% орындалды.

Ақниет ауылдық округі
әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой: