23 маусым – Қазақстан полициясы күні
28 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде 1-ші тамыз бен 30-шы қыркүйек аралығында жүргізіледі. Бұл қайырымдылық акциясы республика аумағының барлық білім ошақтарын қамтығандықтан, №6 мектеп-гимназиясы да қалыс қалған жоқ. Мектебімізде 1-ші тамыз бен 30-шы қыркүйек аралығында «Жақсылық жасаудан жарысайық!» тақырыбы аясында қайырымдылық акциясы өтетіндігін хабарлаймыз!
Қайырымдылық акциясының мақсаты – мектебіміздің жағдайы төмен отбасы балаларына және өмірде қиын жағдайға душар болған отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету.
Жақсылық – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Жақсылық жасау, адамға қуаныш сыйлау. Сіз де жақсылық жасаудан қалыс қалмаңыз.
Ақбота Қожамқұлова,
№6 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы.