АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2 ViewsАудан әкімі Ернар Есіркепов төрағалық еткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары…
Жаңа оқу жылы біздің өңір үшін ерекше қуанышпен басталды. «Білім беру ұйымдарының тиімділігін бағалау» нәтижесінде Ақтоған шағын орталықты орта мектебі «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясын иеленіп, 1 млн. теңге қаржылай сертификатқа ие болды. Бұл марапат – ұстаздар қауымының кәсіби еңбегі мен оқушылардың жетістігін айқын көрсеткіші. Біздің өңірдің білім саласындағы мұндай жетістіктері өзге мектептерге үлгі болып, сапалы білім беруге жаңа ынталандыру болмақ. Серік Айтбаев басшылық етіп отырған Ақтоған шағын орталықты орта мектебі ұжымын лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Құлан таңы» ақпарат.