ҚҰТЫРЫҚ – қауіпті жұқпалы ауру
Құтырық – адам мен жануарға ортақ,
аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды
құтырық вирусы қоздырады және ол
орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Ауру белгілері пайда болғаннан кейін
өліммен аяқталу қаупі өте жоғары.
Сондықтан құтырықтың алдын алу –
ветеринариялық қызметтің ғана емес,
әрбір мал иесінің маңызды міндеті
болып табылады.
Құтырық ауруы жануардың сілекейі
арқылы көбінесе жануар тістеген кезде
жарақат арқылы жұғады. Аурудың
негізгі тарату көздері – қаңғыбас және
қараусыз иттер, ауру немесе күдікті
иттер мен мысықтар, түлкі, қасқыр
және басқа да жабайы жыртқыштар
мен ауру малмен байланыста болған
жануарлар.
Құтырыққа үй жануарлары ғана
емес, ауыл шаруашылығы жануарлары
да – сиыр, жылқы, қой, ешкі және басқа
жануарлар шалдығуы мүмкін.
Құтырықтың алдын алудың негізгі
шаралары, біріншіден, жануарларды
уақтылы вакцинациялау. Иттерді,
мысықтарды және басқа да ветеринариялық талаптарға сәйкес вакцинациялауға жататын жануарларды құтырыққа қарсы профилактикалық егу
қажет. Вакцинацияны ветеринариялық
мамандар белгілеген мерзімде жүргізу
керек.
Екіншіден, жануарларды бақылаусыз жібермеу. Иттерді еркін қаңғытып
жіберу олардың жабайы және ауру
жануарлармен байланысу қаупін
арттырады. Мал иелері үй жануарларын
қараусыз қалдырмауы тиіс. Үшіншіден, жабайы жануарлармен
байланысқа жол бермеу. Жабайы
жануар әдеттен тыс мінез көрсетсе,
мысалы, адамнан қашпай жақындаса,
себепсіз шабуыл жасаса немесе
қозғалысы бұзылса, оған жақындауға
және ұстап көруге болмайды.
Төртіншіден, жануар тістеген
жағдайда дереу хабарлау. Адамды
немесе басқа жануарды ит, мысық немесе жабайы жануар тістеп алған
жағдайда, бұл туралы дереу ветеринариялық маманға хабарлау қажет.
Жануарды өз бетінше өлтіруге немесе жасыруға болмайды. Оны ветеринариялық маманның нұсқауынсыз
басқа жерге апаруға немесе сатуға жол
бермеу қажет.
Адамды жануар тістеп алған жағдайда жарақат алған адам тістеген
жерді мүмкіндігінше тез арада сабынмен және ағын сумен мұқият жууы
керек. Содан кейін дереу медициналық
ұйымға жүгіну қажет.
Құтырыққа қарсы медициналық
көмек пен профилактикалық емді тек
медицина мамандары анықтайды.
Аурудың алдын алу шараларын өздігінен тоқтатуға болмайды.
Мал иелеріне ескерту
Жануарды құтырыққа қарсы вакцинациялау – аурудың таралуын
болдырмаудың ең тиімді профилактикалық шараларының бірі. Әрбір
мал иесі өзіне тиесілі жануарларды
ветеринариялық есепке қоюға, қажетті
профилактикалық іс-шараларды уақытында жүргізуге және жануардың
мінез-құлқындағы өзгерістерге назар
аударуға тиіс.
Құтырықтың алдын алу – «Ауруды
емдегеннен, оның алдын алған тиімді»
деген қағиданың нақты мысалы.
Ветеринариялық талаптарды сақтау
арқылы жануарларды аурудан қорғап
қана қоймай, адамның өмірі мен
денсаулығына төнетін қауіптің алдын
алуға болады.
Жануарды құтырыққа қарсы уақ
тылы вакцинациялау – өз малыңыздың
ғана емес, отбасыңыздың және ауылдағы басқа тұрғындардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды
шара.
М.ӘЛІ,
ҚР АШМ ВБҚК Т.Рысқұлов
аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы.
