Корпорация қызметкерлері арасында спартакиада өтті

151 Views

2025 жылдың 23 тамызы Ақмола облысы, Щучинск қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында ХҚКО-лардың 20 жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті. Бұл жарыс облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өткен аймақтық сайыстардың қорытынды кезеңі ретінде ұйымдастырылды.

Финалдық кезеңге Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан коман­далар  қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Спартакиаданың бағдарламасына шағын-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тарту жарыстары кірді. Іс-шараның басты мақсаты – корпоративтік мәдениетті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және Мемлекеттік корпорацияның филиалдары мен бөлімшелері арасын­дағы өзара байланыс пен командалық рухты арттыру.

Финалдық жарыстардың қорытын­дысы бойынша І орынды Шымкент қаласының командасы, ІІ орынды  Түркістан облысы, ал ІІІ орынды – Алматы қаласының командасы иеленді.

Маңыздысы республикалық спар­­­та­киада Халыққа қызмет көр­се­ту орталықтарының құрыл­ғанына 20 жыл толуымен сәй­кес келіп, демеушілердің қолдауы­мен ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясы қызметкерлерінің ынты­мақтастығын арттырып, корпора­тивтік құндылықтарын дамытуға ықпал етіп келеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша

Тұрар Рысқұлов аудандық  бөлімі.

Поделиться ссылкой: