Қолдаймыз, қуаттаймыз
Президентіміздің биылғы ел халқына Жолдауы еліміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған деп ойлаймын. Рас, инфрақұрылым мен жол құрылысына жасалған инвестициялар экономикалық тұрақтылыққа үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ, ал ауыл шаруашылығы мен өндірісті қолдау бағдарламалары, жұмыс орындарын көбейту мен кәсіпкерлікті дамыту еліміздің өркендеуіне зор серпін қосары анық. Жаңа Жолдауда энергетика мен экология мәселелері де назардан тыс қалмады. Президент шегелеп айтқан детальдар халықаралық қатынастарда ел беделін көтеріп, беделімізді арттырары сөзсіз. Жаңа Жолдауды мұқият оқып шықтым. Қазір бізге ұлттық идеология ауадай қажет. Сондықтан Президентіміздің мәдениет пен спорт саласын дамытуға ден қоюы қоғам назарын ескергені деп білемін.
Қаржы секторындағы реформалар экономикалық тұрақтылыққа кепіл болатыны тағы да белгілі жайт. Өз басым Жолдаудағы барлық бастамаларды толық қолдаймын.
Гүлмира ҚОШАНОВА,
Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас маманы.
