ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
248 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Құрамына Қайыңды, Сөгеті және Мамай ауылдары кіретін округте соңғы жылдары бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, округке қарасты барлық үш ауылға көгілдір отын тартылды. Қайыңды ауылында ауыз су жүйесі бұрынырақ жүргізілсе, кейінгі жылдары Сөгеті мен Мамай ауылдары да сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар былтыр округ орталығында жаңа емдеу мекемесі салынып, халық игілігіне берілді.
Биыл ауылдағы баянды бастамаларды жүзеге асыру мақсатында 72,7 миллион теңге қаражат бөлінді.
Кездесу барысында тұрғындар аудан әкіміне атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіріп, ауылға апаратын жолды жөндеу және ауылдық клуб маңындағы шағын футбол алаңына жасанды төсеніш төсеу секілді мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы тұрғындар көтерген ұсыныстар назарға алынатынын айтып, оларды алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.