Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
7 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған экоэстафета Жақсылық пен Абай ауылдарынан кейін Жаңатұрмыс ауылында жалғасын тапты. Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары орталық саябақты тазалап, шырша көшеттерін отырғызды. Шараға ауылдық әкімдік қызметкерлері, шаруа қожалық басшылары, жергілікті қауымдастық мүшелері, ардагерлер, мектеп пен балабақша ұжымы, ерікті жастар белсенді атсалысты. Тұрғындар тек тазалық жасап қана қоймай, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ауыл бірлігінің үлгісін көрсетті. Сенбіліктің соңында Жаңатұрмыс ауылының ақсақалдары эстафетаны Қарақыстақ ауылына жолдап, игі істің жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
«Құлан медиа» ақпарат.