«Кім тапқыр? Кім жүйрік?» интеллектуалды ойыны

158 Views

«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыруда. Аталған жоба – пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу, құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және олардың қайта қылмысқа баруын болдырмауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Солардың бірі – интеллектуалды ойын. Бұл шара пробация есебіндегі азаматтарды танымдық белсенділікке тарту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өзара ынтымақтастық пен серіктестікке бейімдеу мақсатында өткізілді. Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптарда сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Шара нәтижесінде қатысушылар тек зияткерлік жарысқа қатысып қана қоймай, сонымен бірге қоғаммен тығыз байланыс орнатып, өз құқықтары мен міндеттері туралы мол мағлұмат алды.

«Komek.Demeu.kz» қоғамдық

қорының Президенті Н.Юлдашева

Поделиться ссылкой: