КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРКӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

252 Views

Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын  қорғауды мемлекеттік  саясаттың басым бағыттарының бірі  ретінде  атап өткен болатын.

Осыған сәйкес, өткен аптада аудандық  Мэлс Өзбеков атындағы  мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» офи­сінде  «Әлеу­меттік теңдік: мүм­кіндігі  шектеулі балалар мен отбасы мәселелері» тақы­рыбында дөңгелек  үстел өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, ардагерлер мен қоғам­дық кеңестер, бірқатар аудандық бөлімдер мен тиісті мекемелердің өкілдері, «Ақжүніс» аналарды қолдау орталығы, сондай-ақ,мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және  туындап отырған мәселелерді талқылау болды. Жиында қамқоршы төлемінің 18 жасқа толғаннан кейін тоқтауы, ауруханалардағы жағдайдың жеткіліксіздігі, арнайы бастауыш сыныптардың қажеттігі, 18 жастан кейін балаларға арналған орталықтардың болмауы, спорттық орталықтар мен жаттықтырушылардың тапшылығы, инватакси қызметі, сондай-ақ, педагогикалық-психоло­гиялық түзету кабинетінің жеке ғимаратының жоқтығы туралы өзек­ті мәселелер қозғалды. Талқылау қоры­тындысы бойынша барлық ұсы­ныстар тіркеліп, аудан деңгейінде шешілетін бағыттар заң аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны, ал республикалық деңгейде шешуді қажет ететін ұсыныс­тар бойынша  депутаттық сауал жолда­натыны хабарланды.

«Құлан медиа»  ақпарат.

Поделиться ссылкой: