ВИЦЕ-МИНИСТР ТҮРКСІБ ВОКЗАЛЫНЫН ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жақында ауданға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов арнайы іссапармен келді. Вице-министр Луговой ауылында салынып жатқан Түрксіб теміржол вокзалының құрылысымен танысты.
Теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын бүгінде «Интеллект Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Ал тапсырыс беруші – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ы. Құрылыс сапасына жауапты мекеме ретінде «BOOS Строй» ЖШС-ы танылған.
Сапар барысында вице-министрге барлық атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, мәнді мәселелер де жеткізілді.
«Құлан медиа» ақпарат.
