Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
29 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Үкіметтік емес ұйымдар: есеп және болашаққа жоспар
Сәрсенбі күні мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» офисінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті.
Жиын аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбектің төрағалығымен өтті. Басқосуға «Еркін пікір», «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, сондай-ақ, өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Бүгінде ауданда жалпы саны 32 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, түрлі бағытта жұмыс жүргізуде.
Отырыс барысында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары жөнінде есептік баяндамалар тыңдалып, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді. Сонымен қатар қоғамдық сектор мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қозғалды.
«Құлан медиа» ақпарат.