Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Тұрғындар көбінесе жұмыспен қамту және баспана алу мәселесін көтереді
Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қоғамдық қабылдау өткізіп, бірқатар тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Бұл жолғы қабылдауға Қарақыстақ, Құлан, Жаңатұрмыс, Көгершін ауылдарының тұрғындары келіп, өзекті мәселелерін ортаға салды.
Тұрғындардың басым бөлігі жұмыспен қамту, әлеуметтік көмекке қол жеткізу, баспана алу, денсаулық сақтау салаларына қатысты түйткілдерді көтерді. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы әрбір өтінішке жеке-жеке тоқталып, барлық мәселенің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Күрмеуі қиын мәселелерді жан-жақты қарастырып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе бала еміне байланысты арнайы қаржы жинауға мәжбүр болып жүрген ата-ананың өтінішіне ерекше назар аударды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов ем-домды ең алдымен еліміздегі медициналық мекемелерде жүргізуді ұсынып, қажет болған жағдайда арнайы мемлекеттік қорлар арқылы қаржылай көмек сұрау мүмкіндігін қарастыруды аудандық аурухана басшылығына жүктеді. Сонымен қатар жуырда өңір намысын қорғап, волейболдан жүлделі орын иеленген ардагер спортшылардың сапар шығынын өтеу тәртібін зерделеуді, бұл бағыттағы жұмыстарды кеңінен насихаттап, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді. Атап айтқанда, аудан орталығындағы ақпараттық тақтайшаларға ардагер спортшыларға қатысты мәліметтерді орналастырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауды тапсырды.
Қабылдау барысында аудан аумағында «Қазақ аналары – дәстүрлі жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысын жандандыруға қолдау көрсетуді сұраған ақ жаулықты ананың өтініші де назардан тыс қалмады. Аудан басшысы бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған бұл бірлестік жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді тиісті бөлімдерге тапсырды.
Жәнібек Сұлтан.