Жылыту маусымы мен су тасқынының алдын алу
0 ViewsЖылыту маусымы мен су тасқынының алдын алу Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша…
Абай бол, сел тасқыны!
Сел тасқыны – таулы жерлерде көп таралған әрі жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс.
Сел қаупі туындауының белгілері:
– қарқынды және ұзақ уақыт нөсер жаңбырдың жаууы;
– тұздықтық көлдер мен олардың ақтарылу қауіпін туғызатын ауа температурасының кенеттен және ұзақ уақытқа көтерілуі;
– өзендегі су деңгейінің кенеттен төмендеуі немесе көтерілуі, су лайлылығының артуы.
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
– құжаттарыңызды, ақшаны, телефонды және зарядтағышты су өтпейтін қапқа салыңыз;
– алғашқы көмек қобдишасын, су, тамақ және жылы киімдерді дайын ұстаңыз.
– радио, теледидар немесе әлеуметтік желілерден ресми хабарламаларды тыңдаңыз;
– төтенше жағдай туралы ескерту алсаңыз, тез әрекет етіңіз.
– электр құралдарын, газды және суды өшіріңіз;
– қауіпсіз жерге (биік жерлерге) көшіңіз.
– тереңдігі белгісіз судан өтпеңіз;
– көлікпен суға кіруге тырыспаңыз.
– үйге қайтқанда электр сымдарына, газ құбырларына абай болыңыз;
– ауыз судың таза екеніне көз жеткізбейінше қолданбаңыз;
– үйіңізді тексеріп, зақым келген болса, мамандарға хабарласыңыз;
– ең бастысы – сабыр сақтап, ресми нұсқауларды орындау.
Қауіпсіздік шаралары:
1.Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі.