Оның міндеті – жаяу жүргіншілер жолын таза ұстау

15 Views

Оның міндеті – жаяу жүргіншілер жолын таза ұстау

Қыс қыспағы күшейіп, түн бойы қар тоқтаусыз жауған сәттерде көпшілік ұйқыда жатқанда, коммуналдық қызмет мамандары еңбекке кіріседі. Солардың бірі – жаяу жүргіншілер жолдарын тазалаумен айналысып жүрген трактор жүргізушісі Әбдіразақ Сүлікбаев.

Аязды түн мен таңғы суыққа қарамастан, Әбдіразақ ағамыз күн сайын таңмен таласа тұрып, әсіресе мектепке апаратын және саябақ жолдарын уақтылы тазалануына ерекше мән береді. Себебі оның еңбегінің нәтижесі – балалардың қауіпсіздігі, ата-аналардың алаңсыздығы.

Қалың қарды қолмен күреп емес, техниканың тізгінінде отырып тазалау – сырттай жеңіл көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Әсіресе түнгі уақытта жолдың көрінуі төмендеп, суықтың бет қаратпайтын кездерінде бұл қызметтің салмағы еселене түседі.

Аудан тазалығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Әбдіразақ Сүлікбаев секілді қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен атқарылып жатқан іс. Олар үшін бұл – мамандық қана емес, ел алдындағы міндет.

 «Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий