27 Views
Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?
Сәрсенбі күні Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында аудан аумағында атқарылған жұмыстар мен екі елді мекеннің басын біріктірген округте жүзеге асқан жобалар жан-жақты баяндалды.
Аудан басшысы өз сөзінде өткен жылы атқарылған негізгі жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Мәселен, өткен жылы Абай ауылдық округінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылған.
Атап айтқанда, Қарақат су каналы қайта жаңғыртылып, ағын су мөлшерін молайтуға мүмкіндік туған.Одан бөлек ауылдық округтегі дренаж жүйелері тазартылып, ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш қайта қалыпқа келтірілген. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев көшесінің бұрылыстарына, Жастар көшесіне электр желілері жүргізілген. Ойын алаңдары салынып, округ тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несиелер берілген.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Құлан медиа» ақпарат.
Поделиться ссылкой: