Қоғам болып тосқауыл қоятын ахуал

22 Views

Қоғам болып тосқауыл қоятын ахуал

2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды  анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттері қойылған. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық  көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден  еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшуде. Электрондық жүйе азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарды, яғни сыбайластықты болдырмауға бағытталған. Бұрын қажетті құжатты алу үшін лауазымды тұлғамен тікелей қарым-қатынасқа баратын болса, енді оны электронды жүйе арқылы делдалсыз ала алады.

Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы бұл індетті түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің ғана емес, елдің белсене араласатын ісі. Сондықтан көп болып қолға алса, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл болатыны сөзсіз.

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық не керек денсаулығың болмаса, төрелігің не керек, халықтың көңілі толмаса» – деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Расында біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Сыбайлас жемқорлықты жою, онымен күресу әр адамның тікелей міндеті.

  А.Замбаев, Тұрар Рысқұлов аудандық  сотының төрағасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий