Игі демеушілеріне алғыс айтамыз

14 Views

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» республикалық акцияшағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы.
сы аясында «Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2026-2027 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» республикалық акциясы 1 тамыз бен 31 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілді. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы оқу жылы акцияға ауыл азаматы Алтай Мәлікұлы Исалиевтің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкер Шалқар Асанов, ауыр көлік (фура) тізгінін ұстаған ауыл азаматтары Жандос Назарқұлов, Айдын Назаркұлов, Фархад Утепбаев, Леспек Келменбетов, Айдын Мойлауов, Нұржан Рысдаулетов, Руслан Мұсабеков, Алмат Көпбаев, Ақжол Тұрсынбаев және тағы да бір топ азаматтар 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек, Абай ауылдық округінің ветеринар дәрігері Ғазиз Несіпбаев мектеп сөмкелерімен демеушілік көрсетті. Оқушыларға көмекті ұйымдастыру барысында мектеп формасы, кеңсе құралдары, мектеп сөмкесі және қажетті заттары алынып берілді.
Акцияға барынша атсалысып, игі шараның ұйытқысы болып, оқушыларға демеуші, қолдау көрсеткен азаматтарымызға, демеушілерімізге алғыс айтамыз.
«Мектепке жол» республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты акцияға үлес қосып, мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларына демеуші болам деген тұлғаларды әлі де шын тілекпен күтеміз.
Жақсылық жасау – күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп, қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.
М.РАЙЫМОВА,
Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий