БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ

24 Views

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ

Жуырда ауданымызда білім беру ұйымдарының басшылары арасында волейболдан тартысты жарыс өтті. Дүбірлі додаға аймақтың әр ауданынан командалар келіп қатысты. Атап айтқанда, Меркі, Жуалы, Тараз, Жамбыл, Қордай, Шу, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарынан келген командалар өзара бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев және аудандық мәслихат депутаты Мұратжан Мейманханов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар спорттың ұйымшылдық пен достықты нығайтудағы маңызына ерекше тоқталды.
Айта кетейік, аталмыш жарыс ұзақ жылдар бойы білім саласының дамуына өзіндік үлес қосқан, мектеп басқару ісінде мол тәжірибе қалыптастырған ардақты ардагерлер – Бақытбек Әділов, Әйткен Әбішов, Бөлен Жапарқұлов, Өрнек Байбатшаев, Сейтжан Өскенбаев, Бейбіт Әбутәліпов және Ахмет Қарашевті еске алуға арналды.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

 «Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий