ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ — ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

28 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен
аудандағы қоғамдық-саяси ахуал, халықпен кездесулерде және
азаматтарды жеке қабылдауларда берілген тапсырмалардың орындалуы
туралы кеңес өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, тапсырмалардың  уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өтініштері мен
ұсыныстарына жедел ден қою, әлеу­меттік  желілерде көтерілген мәселелерге дер кезінде әрекет ету және халықпен кері байланысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен жауапты
бөлім басшыларына қоғамдық­саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, тұрғындармен тиімді байланысты нығайтуды және берілген тапсырма­лардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий