ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ — ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен
аудандағы қоғамдық-саяси ахуал, халықпен кездесулерде және
азаматтарды жеке қабылдауларда берілген тапсырмалардың орындалуы
туралы кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, тапсырмалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өтініштері мен
ұсыныстарына жедел ден қою, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелерге дер кезінде әрекет ету және халықпен кері байланысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысында аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен жауапты
бөлім басшыларына қоғамдықсаяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, тұрғындармен тиімді байланысты нығайтуды және берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.
