МАНАРБЕК ТЛЕПОВ: БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ӘРБІР САЙЛАУШЫҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

23 Views

2026 ЖЫЛҒЫ 23 ТАМЫЗДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ
САЙЛАУЫ ӨТЕТІНІ
БЕЛГІЛІ. ОСЫ МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ОРАЙ
АУДАН АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ДАЙЫНДЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛУ ҮШІН АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТӨРАҒАСЫ МАНАРБЕК
ӘМІРЕҰЛЫ ТЛЕПОВПЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

ТІЛШІ: Манарбек Әміреұлы, 2026
жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы
Құрылтайы депутаттарының
сайлауы өтеді. Қазіргі таңда сайлауға
дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Қ а з і р г і у а қ ы т т а с а й л а у ғ а
дайындық жұмыстары Қазақстан
Республикасының сайлау туралы
заңнамасына және Орталық сайлау
комиссиясы бекіткен күнтізбелік іс-
шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
С а й л а у к о м и с с и я л а р ы б а р л ы қ
ұйымдастырушылық жұмыстарды тиісті
деңгейде атқарып жатыр. Біздің басты
мақсатымыз – әрбір сайлаушының өз
конституциялық құқығын еркін әрі
заң талаптарына сай жүзеге асыруына
қолайлы жағдай жасау.
ТІЛШІ: Сайлаушылар өздерінің
қай сайлау учаскесінде дауыс
беретінін қалай біле алады?
– 2026 жылғы 7 тамыздан бастап
әрбір сайлаушы тиісті әкімдіктің
интернет-ресурсы немесе Call-орталық
арқылы өзінің қай сайлау учаскесіне
тіркелгенін тексере алады. Сонымен
қатар электрондық сервистер арқылы
да өз сайлау учаскесі туралы ақпарат
алуға мүмкіндік бар.

ТІЛШІ: Т.Рысқұлов ауданында
құрылған Call-орталықтың қызметі
туралы айтып өтсеңіз.
– Call-орталық сайлаушыларға
ақпараттық қолдау көрсету мақсатында
құрылды. Оның мамандары азаматтарға
дауыс беретін сайлау учаскесінің
мекенжайын анықтауға көмектеседі,
сайлауға қатысты сұрақтарына жауап
береді және қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
ТІЛШІ: Егер сайлаушы дауыс
беру күні өзінің тіркелген жерінде
болмаса, қалай дауыс бере алады?
– Ондай жағдайда сайлаушы 2026
жылғы 7 тамыздан бастап өзінің
тіркелген жеріндегі учаскелік сайлау
комиссиясына барып, жеке басын
куәландыратын құжатын көрсетіп,
есептен шығару куәлігін ала алады.
Бұл куәлік оған басқа жерде дауыс
беру құқығын береді. Есептен шығару
куәліктері 2026 жылғы 22 тамызда
жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-
ге дейін беріледі.
ТІЛШІ: Денсаулығына байланысты
сайлау учаскесіне келе алмайтын
азаматтардың дауыс беру
мүмкіндігі
қарастырылған ба?

– Әрине, қарастырылған. Денсаулық
ж а ғ д а й ы н а , о т б а с ы н ы ң н а у қ а с
мүшесіне күтім жасау қажеттілігіне
немесе шалғай елді мекенде болуына
байланысты сайлау учаскесіне келе
алмайтын азаматтар үйінде немесе
болатын жерінде дауыс бере алады. Ол
үшін сайлаушы 2026 жылғы 7 тамыздан
бастап 23 тамыз күні жергілікті уақыт
бойынша сағат 12:00-ге дейін өзінің
учаскелік сайлау комиссиясына
жазбаша өтініш беруі қажет.
ТІЛШІ: Үйден дауыс беру кезінде
сайлаудың құпиялығы қалай сақталады?
– Учаскелік сайлау комиссиясының
мүшелері сайлаушыға сайлау бюллетенін
жеке басын куәландыратын құжат
негізінде береді. Барлық рәсімдер заң
талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ең
бастысы – сайлаушының еркін білдіру
құпиясы толық сақталады.
ТІЛШІ: Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
ретінде
сайлаушыларға қандай кеңес
берер едіңіз?
– Ең алдымен, әрбір азаматқа 2026
жылғы 7 тамыздан бастап өзінің сайлау
учаскесін алдын ала тексеріп алған жөн.
Егер қандай да бір сұрақ туындаса,
Call-орталыққа немесе учаскелік сайлау
комиссиясына жүгінуге болады. Ал 23
тамыз күні сайлауға белсенді қатысып,
өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Сұхбаттасқан Жәнібек
БАЗЫЛБЕК

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий