Таразым – тал бесігім!

30 Views

Тыныштықта жайқалған жасыл қала,
Түркілерден бар болған ғасыр қала.
Жанға жайлы,дүниеге мәлім елдің,
Анасындай боп кеткен асыл қала.
Тарихында тың болған текті қала,
Ағасымен бауырлас шекті қала.
Қасқайып қара нардай қарсы тұрар,
Ерлерінің жүрегі түкті қала.
Атлахтың іздері жасырылған,
Нені көрдің тарихы асыл жырдан.
Қазірде аталатын жыршы Жамбыл,
Өтті емес пе іркілмей талай сыннан.
Жуалы, Меркі өңірі жасыл желек,
Сарысу, Мойынқұмдары мүлде ерек.
Исламның Меккесіндей қасиетті,
Шамалап айтар болсам жерге теңеп.
Күйігің бар кез келген аспас белің,
Алтын болсаң айырда баспас па едім?
Тал бесігім туған жер қамқор анам,
Мейірлене жыр айтсам қошташы елім.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий