Әке, сені сағынбауға бола ма?

33 Views

Қарсы тұрып келемін дауылдарға,
Асып өтіп асуды жауындарда.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
Әке, өзіңізді бола ма сағынбауға?
Әке, өзің кеткелі жасық өстім,
Мейіріне ананың тасып өстім.
Әке, міне ұлыңда ер жетіпті,
Зымырап арасында қасы-көздің.
Менде жетік білмеймін анам хәлін,
Әйтеуір болса дейді маған бәрін.
Күйбең тірлік оныда шаршатады,
Сезіне алмағасын қамал барын.
Үмітін артса бала сенеріне,
Өзіңсіз жетпей көңіл кемеліне.
Қыранның беттесінен биік ұшсаң,
Неге арманға болмайды теңеуіме?
Армандар қаласында мәңгі жаса,
Жүрекпенен жүрермін хәл сұраса.
Еміреніп маңдайды бір сүйермін,
Әзиз денең қарттықтан қаудыраса…

Мейірхан ӘДІЛХАНҰЛЫ,
№5 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий