Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу: қызылша және көкжөтел

20 Views

Қызылша – Инфекция ошағы – қызылшамен ауыратын
адам. Вирус – түшкіру, жөтелу, сөйлесу кезінде ауа
тамшылары арқылы таралады. Жүкті әйел жұқтырған
жағдайда трансплацентарлы берілу жолы болуы мүмкін.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану жолы – вакцинация.
Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация тегін, екі
рет жүргізіледі. Біріншісі – 1 жаста, екіншісі – 6 жаста
(ревакцинация). Вакцинация кезінде қызамық пен паротитке
қарсы компонентпен бірге қызылшаға қарсы қауіпсіз және
тиімді вакцинаны қолданады.
Вакцинацияға қалай дұрыс дайындалу керек?
Дәрігердің қарауынан өту жеткілікті. Ол дене температурасын, пульсті, жұтқыншақтың күйін, қан қысымын анықтайды. Бұл пациенттің вакцина алуы үшін жеткілікті.
Екпеден кейінгі ұсыныстар:
– 20-30 минут емханадан шығуға асықпаңыз;
– дене температурасын бақылау;
– инъекция орнын суламаңыз немесе ысқыламаңыз;
– көп мөлшерде су ішу;
– антигистаминді препараттар қабылдау.
Халықтың денсаулығы әрқайсымыздың жеке қауіпсіздік
шараларын сақтауымызбен тікелей байланысты. Естеріңізге
сала кетейік, қызылшаға қарсы вакцинация ең тиімді қорғану
жолы болып табылады. Дәрігерге уақытында бару өте
маңызды екенін ұмытпаңыз.
Көкжөтел – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты
қабығын зақымдайтын өте жұқпалы бактериялық ауру.
Bordetella pertussis бактериясы денеге ауа тамшылары арқылы
еніп, кеңірдектің және бронхтың ішкі қабығы аймағында
көбейеді. Науқас адам патологияның алғашқы белгілері
пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарға
жұқтыруды жалғастырады. Вакцинациядан кейін көкжөтел
инфекциясы әдетте өткір белгілерді тудырмайды.
Осыған байланысты ауру науқаспен байланыста болған
барлық адамдарда пайда болуы мүмкін. Көкжөтел әсіресе
бала бақшаларда тез таралады. Көкжөтелге қарсы туа
біткен иммунитет жоқ. Сондықтан барлық адамдар ауруға
бейім. Алайда вакцинациядан немесе көкжөтел ауруымен
ауырған болса тұрақты қорғаныс қалыптасады. Егде жастағы
адамдарда көкжөтелдің қайталануы сирек анықталады.
Көкжөтел белгілері:
– Дем алу кезіндегі ысқырықты дыбыс;
– Кеудедегі жағымсыз сезімдер;
– Тамақтың тітіркенуі;

– Жөтел кезінде ауаның жетіспеушілігін сезіну;
– Түнде жөтелдің күшеюі;
– Әлсіздік пен шаршау;
– Мазасыздық;
– Тәбеттің нашарлауы;
Қауіп факторлары:
– Науқастың жасы 7 жасқа дейін;
– Вакцинацияның болмауы;
– Науқаспен бірге тұру немесе оқу орындарына бару
кезінде инфекция тасымалдаушыларымен үнемі байланыста
болу;
– Туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитеттің
бұзылуы. Вакцинация бактериядан өмір бойы қорғауды
қамтамасыз етпейді. Сондықтан вакцинация кестесіне сәйкес
екпе алу қажет. Сауықтырудан кейін науқас ұзақ мерзімді
тасымалдаушысы болып қалуы мүмкін. Сондықтан инфекция
бір көзден ұзақ уақыт бойы таралуы мүмкін.
Алдын алудың негізгі әдістері:
– Көкжөтелге қарсы 3 айлығында жоспарлы екпе алу;
– Балаға 6 апталық аралықпен үш екпе алу қажет;
– Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері пайда
болған жағдайда дәрігерге уақтылы қаралу;
– Науқас адамдармен қарым-қатынасты болдырмау.
Сіздің балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда
екені есіңізде болсын!

Байділда ШИНАЛИЕВ,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің
басшысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий