«АЛДА ӘЛІ ДЕ КӨП ЖҰМЫС ІСТЕЛУІ КЕРЕК»

53 Views

Президент Құрылтайдағы партия
фракцияларының жетекшілерімен
кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси
партиялар фракцияларының жетекшілерімен
кездесу өткізді.
Кездесуде Президент жаңа Конституцияның
46-бабына сәйкес, Премьер-министр лауазымына
ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы
жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс
екенін айтты.
Талқылауға «Әділет» партиясы фракциясының
жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы
фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов,
«Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі
Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы
фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық
социал-демократиялық партия фракциясының
жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Мемлекет басшысы Құрылтай
отырысында Вице-Президент және Премьер-
министр лауазымдарына кандидатураларды
ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай
о т ы р ы с ы н а қ а т ы с ы п , К о нс т и т уц и я н ы ң
46-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының
Вице-Президенті мен Премьер-министрінің
кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен
келісті. Мемлекет басшысының айтуынша,
Вице-Президент мемлекеттік басқару жүйесінде
айрықша рөл атқарады, сондай-ақ, билік
тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз
етеді, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен
тығыз жұмыс істейді, Конституцияға сәйкес
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді
іске асырады. Президент бұл лауазымға Ерлан
Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынды.
– Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол
мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс
істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл
азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды
сапалы іске асыруға белсенді түрде
атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын,
даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан
Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп
есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны
қолдауды сұраймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы
партиялар фракциялары жетекшілерінің
пікірін ескере отырып, Үкімет басшысы лауазымына
Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын
ұсынды.
– Олжас Бектенов – мемлекетшіл, тәжірибелі,
білікті азамат. Жауапкершілігін жақсы түсінеді.
Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі
жұмыс істеді. Қазір еліміздің алдында ауқымды
міндеттер тұрғанын жақсы білесіздер. Бұл мәселе
бойынша Құрылтайдың тұңғыш отырысында
толығымен айттым. Қазақстан үлкен құрылыс
алаңына айналуда. Түрлі инфрақұрылымдық
жобаларды қолға алдық. Алда әлі де көп жұмыс
істелуі керек. Жалпы еліміздің Тәуелсіздігі мен
Егемендігін нығайтуға мемлекетімізді одан әрі
дамытуға қатысты мәселелер әлі де күн тәртібінде
тұр. Бұл мәселелерді бәріміз бірге ойдағыдай, сәтті
шешуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-
Президент лауазымына Ерлан Қариннің
кандидатурасы, Премьер-министр лауазымына
Олжас Бектеновтің кандидатурасы депутаттардың
басым дауысымен қолдау тапты. Мемлекет
басшысы Вице-Президент және Премьер-министр
лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды
қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына
ризашылығын білдірді.
Ерлан Қарин – Қазақстанның Вице-
Президенті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан
Қаринды Қазақстан Республикасының Вице-
Президенті лауазымына тағайындап, оны Президент
Әкімшілігі басшысының орынбасары
қызметінен босатты.
Мемлекет басшысы қол қойған тиісті құжат
оның ресми сайтында жарияланды. «Ерлан
Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының
Вице-Президенті болып тағайындалсын, ол
бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», –
делінген 31 тамыздағы Жарлықта.
Олжас Бектенов Премьер-министр болып
қайта тағайындалды
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа
қол қойды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен
Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі лауазымына
тағайындалды», – делінген Ақорда жариялаған
хабарламада.
Аида Балаева – Қауіпсіздік Кеңесі
Төрағасының орынбасары
Аида Балаева Қазақстан Республикасы
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары
лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысы
31 тамызда тиісті Жарлыққа қол қойды, делінген
Ақорданың ресми сайтында.
Мемлекет басшысы Вице-Президент
Ерлан Қаринді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент
лауазымы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік
басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап
өтті. Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан
Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен,
Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен
өзара іс-қимыл барысында Мемлекет
басшысының
атынан өкілдік етіп, мемлекеттік
саясаттың
негізгі мәселелері бойынша ұстанымын
жеткізу тапсырылды.
Мемлекет басшысы Премьер-министр
Олжас Бектеновті қабылдады
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған
басты
міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма
берді.
Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің
тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік
басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың
әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне
назар аударды. Президент барлық мемлекеттік
органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық
тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде
нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді
тапсырды.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі
Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны
қабылдады
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан
Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының
құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді
айқындады. Президентке тікелей бағынатын
және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық
қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету
мәселелерімен айналысады.
AKORDA.KZ

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий