ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ ІТ МАМАНДЫҚТАРЫН МЕҢГЕРЕ АЛАДЫ

150 Views

Astana Hub» «Tech Orda» бағдарламасының бесінші, мерейтойлық маусымына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтары еліміздің барлық өңіріндегі аккредиттелген IT-мектептерде оқуға арналған ваучер алып, ең сұранысқа ие цифрлық мамандықтардың бірін меңгере алады.
Бағдарлама аясында қатысушылар офлайн форматтағы оқу үшін 500 000 теңгеге дейін, ал онлайн немесе гибридті форматтағы оқу үшін 400 000 теңгеге дейін номиналды ваучер ала алады.

«Tech Orda» — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Astana Hub» бағдарламасы. Жоба білікті IT-мамандарды даярлауға және еліміздегі жеке IT-білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Оқу цифрлық индустрияның ең сұранысқа ие бағыттары, атап айтқанда жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, деректерді талдау, Cloud & DevOps, GameDev, өнім менеджменті, UI/UX-дизайн және басқа да мамандықтар.бойынша қолжетімді.
Бағдарлама іске асырылған 2021 2026 жылдар аралығында 12,5 мыңнан астам қазақстандық білім алды. Мониторинг нәтижелері бойынша экономикалық белсенді түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналасқан, ал олардың орташа жалақысы 725 мың теңгені құрайды, бұл елдегі орташа айлық жалақыдан шамамен 43 пайызға жоғары. Сондай-ақ, 3,2 мыңнан астам адам «Tech Orda» бағдарламасының арқасында мамандығын өзгертіп, IT саласында мансабын бастады.
Бағдарлама түлектерін 1 287 компания жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында «Kaspi.kz», «Halyk Bank», «Freedom Finance», «Kolesa Group», «Kcell», «EPAM Kazakhstan», «Yandex», «Wolt», «2GIS», «Deloitte», «KPMG», «EY» және «Accenture» сияқты жетекші компаниялар бар. Бағдарламаға қатысатын IT мектептердің 30 пайыздан астамы өңірлік мектептер, бұл еліміздің барлық өңірінде сапалы IT-білімге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий