Бірлігі жарасқан ауылдың берекесі артады

12 Views

ӨТКЕН СӘРСЕНБІДЕ АУДАН
БАСШЫСЫ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ
ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС,
КӨГЕРШІН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ
ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
ӨТКІЗДІ.

Кездесу барысында аудан басшысы ауданның
даму көрсеткіштерін
баяндап, алдағы уақытқа
жоспарланған жұмыстармен бөлісті. Атап айтар
болсақ, Ернар Серікәліұлы құрылыс және
инвестиция саласында
жүзеге асырылып жатқан
жемісті жобаларды таныстырды.
Жиын бір жақты өтпей, есепті баяндамадан
кейін кезек тұрғындарға берілді. Ауыл халқы жер
мәселесі, жол, көше жарығы, қоғамдық тәртіп, бала
тәрбиесі, көлік қозғалысы мен мопед, скутерлерді
тізгіндеген жасөспірімдердің көптігін көтерді.
Осыған сәйкес, ауыл аумағында арнайы рейд
жүргізуді және жол кедергілерін қойып беруді
өтінді.

Көтерілген мәселелер жеке-жеке талқыға салынып,
шешу жолдары қарастырылды.Айта кетейік,
жиын соңынан аудан басшысы тұрғындарды жеке
де қабылдап, мәнді мәселелерге ерекше назар
аударды.

«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий