СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ

21 Views

Сәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің
сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты
түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен
адамдардың
бір – бірінің амандығын
біліп, қуанышқа бөленуі, бір – біріне
аман – саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін
білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік
нышанын көрсетіп, амандыққа
ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы.
Әрбір адам «Қайырлы таң»,
«Қайырлы күн», «Қайырлы түн», деген
сөздерді
амандасуға қосып тәуліктің
үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын
амандасуға тиіс. Амандасу адамгершіліктің,
бір белгісі болып табылады.
Амандасқан адам қазақ салтында оң
алақанын
жүрегінің үстіне қойып, басын
изейді. Не қол алып амандасады. Ол
«сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды
тілеп, өзіңізге бас иемін»
деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесудің түрлері:
Сәлеметсіз бе?
Аман-есенсіз бе?
Аман-сау болыңыз!
Аман-есен болыңыз!
Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман
ба? т.б.
Әсіресе араб тілінен енген:
Ассалаумағалейкум!
Уағалейкумассалам!
Яғни:
Сізге амандық тілеймін!
Сізге де амандық тілеймін! – деген
сәлемдесу түрлері көп қолданылады.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның
міндеті. Ал кездескенде кіші
адам үлкен кісіге сәлем бермесе ол
әдепсіздік,
көргенсіздік болады.
Соңғы
қалыптасқан дәстүр бойынша
сәлемдесуші,
не сәлем беруші қол алысады.
Қытайда бас ию, үнді халқында
екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға
тигізу т.б. амандасу тәсілдері бар.
Көпшілік
орындарда үлкен, сыйлы
адам жиын үстіне келіп қалса, жұрт
ізетпен бас иіп амандасады. Ал сәлем
қылу – қазақ келіндеріне тән ізеттілік
белгісі. Келіннің сәлем қылу міндеті
б е т а
ш а р д ә с т ү р і нен б а с т а л а ды .
Сәлем
беру кезінде инабаттылық көрсетіп,
күлімдеп, жылы шырай көрсетсе
құрмет көрсету ниетін білдіру қажет.
Сәлем қылған келінге үлкен адамдар
бір ауыз сөзбен батасын береді.
«Көп
жаса», «бақытты бол», сәлемдескенде
дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып
сауаттылық әдеппен сөйлеуге міндетті.
Амандасу кезінде құрметтеу белгісін
сыйласу нышанын білдіру керек.
Өйткені амандасудың өзі мәдениеттілікті
көрсетеді.
Мырзабек МАҢҒҰТОВ,
Т.Тысқұлов ауданының
Құрметті азаматы, аудандық әкелер
кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий