СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ
21 ViewsСәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір…
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелердің бірі. Оның салдары мемлекеттің экономикалық жағдайына ғана емес, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына, заңға деген сеніміне және қоғамдағы әділдік қағидаттарының сақталуына да әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау – әрбір мемлекеттік мекеменің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыс – заң талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және азаматтарға сапалы әрі ашық қызмет көрсету қағидаттарына негізделуі тиіс.
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТЕН БАСТАЛАДЫ
Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі – табиғи байлықтарды қорғау және сақтау. Осы жауапты жұмысты атқару барысында әр қызметкер заң талаптарын қатаң сақтап, өз қызметіне адал болуы қажет.
Қоғам мен мемлекеттік мекеме арасында ашықтық пен сенім болған жағдайда ғана ортақ нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан жемқорлыққа немқұрайлы қарамай, заңсыз әрекеттердің алдын алу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – бір күнде жүзеге асатын жұмыс емес. Ол әр адамның санасынан, тәрбиесінен және күнделікті іс-әрекетінен басталады. Адал еңбек, заңға құрмет және табиғатқа жауапкершілік – жарқын болашақтың негізі.
«Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-сі.