СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ
21 ViewsСәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір…
«Тілі жоғалған жұрттың
өзі де жоғалады» деген Ахмет
Байтұрсынұлы. Тіл – халықтың
рухани қазынасы, ұлттың
болмысын айқындайтын баға
жетпес құндылық.
Қазақстан халқы тілдері күніне
орай аудандық «Достық» үйінде «Тіл
– ұлттың қазынасы, елдіктің тұғыры
»
атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара аудан әкімдігі мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
бастамасымен
аудандық музей, кітапхана,
«Достық» үйі және Тілдерді оқыту
орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен
өтті.
Іс-шара барысында қазақ тілінің
тарихы мен маңызы насихатталып,
ұлттық құндылықтарға арналған көрме
ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері қазақ
тіліне
арналған әдебиеттерге шолу
жасап,
ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі мен шығармашылығы,
қазақ тіл білімінің қалыптасуына қосқан
үлесі туралы таныстырды.
Мерекелік басқосуда тілдің ұлт
өміріндегі орны туралы тағылымды
ойлар айтылып, шара концерттік
бағдарламамен жалғасты.
«Құлан медиа» ақпарат.