СӨЗ БАСЫ – СӘЛЕМ
23 ViewsСәлем әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кезекпен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір…
ХХІ ғасыр – технология мен ақпараттың жарысқан заманы. Бүгінде адамзат баласы төртінші өнеркәсіптік революцияның жемісі болып табылатын жасанды интеллекттің қарқынды дамуына куә болуда. Біздің күнделікті өмірімізге судай тез сіңіп кеткен жасанды интелект бұқаралық ақпарат құралдары үшін көмекші ме, әлде қауіп қатер ме?
Қазіргі қоғамда ақпараттың таралуы аздаған секунд ішінде жүзеге асады. Жасанды интеллекттің бұқаралық ақпарат құралдарына енуі адамзат арасында үлкен пікірталас тудыруда. Осыған байланысты қоғам пікірі екіге бөлінеді. Бір тарап жасанды интеллектті ақпарат құралдарының көмекшісі деп атаса, ал ендігі бір бөлігі жасанды интелект бізге тікелей кибершабуыл жасайтын виртуалды қауіп төндіруші деп есептейді. Менің пайымдауымша, жасанды интеллект – бұл қос жүзді қылыш секілді. Бір жүзі «көмекші» деп аталса, келесі жүзін «қауіп» деп атауға болады. Ал ендеше, қос жүзді қылыштың екі тарапын да талқылап көрейік.
Алдымен жасанды интелекттің «көмекші» рөлін ашып қарастырайық. Ақпаратты жеткізуде жылдамдық үлкен рөл ойнап тұрғандығы анық. Ал осы істі көмекші чат- боттар арқылы тиімді пайдаланып, уақыт үнемдеуге болады. Яғни ұзақ сұхбаттардың дыбыстық жазбаларын мәтінге айналдыру, шетелдік ақпараттарды лезде аудару секілді жұмыстарды жасанды интеллект көмегімен жасау арқылы ақпарат көздерін жедел жариялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары үшін жасанды интеллект «дипфейк», яғни жалған ақпарат жасап беруі де әбден мүмкін. Мұқабасына «Бұрын соңды болмаған оқиға!» немесе «Мұны ешкім білмеген!» деген сынды сөздер жазу арқылы адамдарға жалған ақпарат жетіп, бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім бәсеңдеуі мүмкін. Қазіргі қоғамда ақпараттың мазмұнына қарағанда, эмоцияға әсер ете отырып жеткізу өтімдірек. Бұл жолда жасанды интеллект ешқашан адамның сезімін, ішкі құндылықтарын басып оза алмайды. Егер мәліметтің шынайылығын растайтын дереккөздердің жоқтығы байқалса, ақпараттық манипуляцияға ілігудің қажеті жоқ. Ақпаратты соқыр сеніммен емес, аражігін ажырата отырып қабылдау біздің қолымызда.
Уақыт үнемдеп, көмекші боттарды қолдану, дамуымыздың үлкен жобаларына артығырақ көңіл бөлуге жәрдем берсе, жасалған әрбір медиаконтентті іс маманы верификациядан өткізу артықшылық етпейді деп санаймын.
Түйіндей келе, роботтандырылған әлемді басқару кезінде ақпаратты жеткізу үшін жасанды интеллекттің күшті көмегі де қажет болса, өткір қауіпті тұстарына да төтеп беруге дайын болу керек. Технология мен адам шығармашылығының үйлесімі ғана сапалы әрі әділ ақпарат құралдарын жеткізуге бағыттай біледі.
Қарақат Жанат,
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 1 курс студенті.