Адалдықтан айнымаған АЗАМАТ

18 Views

Қазақтың қабырғалы қалам еңбекпен өседі» деген сөзін газеттердің бірінен оқығаным бар. Түсінген адамға бұл сөздің астарында герлерінің бірі Қадыр Мырза Әлінің «Адам алдымен еңбектеп өседі, сосын
терең мән-мағына жатыр. Расында да шын еңбек еткен адам әрқашан ортасына да, айналасына да сыйлы.
Ақыры еңбек дегеннен шығады. Мен бүгін сондай өз ісіне адал, адамгершілікті әркез жоғары орынға қойған,
еңбекқор, есіл ер туралы сөз қозғайын деп, қолыма қалам алып отырмын. Оның есім-сойы – Оңалбеков
Сейіткерім Сармешұлы. Қазан айының 10-шы жұлдызы күні Сейіткерім Сармешұлы мерейлі 70 жасқа
толғалы отыр.

Сейіткерім Сармешұлының есімін аудан жұртшылығы жақсы біледі. Ол ауданның мәдени әрі
экономикалық дамуына сүбелі үлес
қосқан азаматтардың бірі. Жеке өз
басым Сейіткеріммен 1974 жылдан
бастап таныспын. Сейіткерім екеуміз
ару қала Алматыдағы қазіргі Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық политехникалық университетінде бір факультетте оқыдық.
Сол кезден бастап, уәдесін екі етпейтін
достығы берік, сырлас әрі сыйлас
азаматтарға айналдық. 1981 жылы
аудандық комсомол комитетінің
бірінші хатшысы болып, қызметке
орнықтым. Сол кезеңдерде жаныма
қолынан іс келетін, өзін емес, әрқашан
өзгеге болысып тұратын еңбекқор
азаматтарды қызметке тарттым. Сол
азаматтардың бірді-екілісін атап айтар
болсам, комсомол ұйымында белсенді
жұмыс жасап, кейіннен ел басқарып,
талай игі істерде жақсы аттарын
қалдырған Ақтамберді Қалқабаев,
Шабденалы Керімқұлов, аудан әкімінің
орынбасары болған, кейіннен облыс
әкімінің орынбасары болған Мұратхан
Шүкеев, аудан әкімі аппаратын
басқарған, аудан әкімінің орынбасары
болып абыроймен еңбек еткен Манарбек
Тлепов, аудан әкімдігі жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімін басқарған, аудан әкімінің
орынбасары болған, бірнеше жылдар
бұрын дүниеден озған Шардарбек
Қосалов, аудан әкімінің орынбасары
болған, Байзақ ауданын басқарған,
облыс әкімі аппаратының басшысы
болған Рахметілда Рахманбердиев,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімін басқарған, кейіннен
облыс әкімдігі мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасын басқарған
іскер азамат, «Құрмет» орденінің иегері
Дүйсенәлі Бықыбаев, аудан әкімдігі
ішкі саясат бөлімін басқарған, аудан
әкімінің орынбасары лауазымына дейін
қызмет атқарған Бейсенбек Әлпейісов,
білім саласында ұзақ жылдар еңбек
еткен Мырзабек Маңғұтов және бүгінгі
қолыма қалам алуға негіз болып
отырған адал ниетті, кең пейіл азамат
Оңалбеков Сейіткерім Сармешұлы
да бар. Осы азаматтармен ауданның
көрсеткіштері бойынша облыстық
және республикалық деңгейде ең үздік комсомол ұйымы деген атаққа да ие
болдық.
Сейіткерім Оңалбеков Луговой
станциясы комсомол ұйымының
секретары бола жүріп, сол кезеңдегі
белсенді жұмыс атқарған азаматтың
бірі болды. Алғыр болды. Әр істі
кейінге созбайтын. Ылғи бастамашыл
қасиетімен көзге түсетін. Луговой
станциясы комсомол ұйымының
талай ілкімді іс-шараларында оның істеген жұмысы дараланып тұратын.
Ол осы қызметте еңбек ете жүріп,
талай адамдарға қолдау көрсетті де.
Луговой станциясы барлық мәдени
әрі спорттық жарыстарда тек алдыңғы
орындардан көрінетін. «Локомотив»
деген команданы да аудан халқы жақсы
біледі. Осы команданың құрылуына да,
оларға көп қолдау көрсеткен де бүгінгі
біздің кейіпкеріміз екенін қазіргі жастар
білуі керек деп ойлаймын.
Сейіткерімнің аяулы жары Тұрсынай
да райкомның үшінші секретары
болып қызмет атқарды. Біз бірге талай
сәттерді бастан өткердік. Қызықты
оқиғаларымыз да көп еді. Сейіткерім
мен Тұрсынайдың отау құрған кездеріне
де куәміз. Тұрсынай да өте алғыр, іскер,
өз ісіне жауапты маманның бірі болды.
Тағдыр екеуін осылайша осы кезде
тоғыстырып, бүгінде қос жұп үлкен
әулеттің арқа сүйер мәуелі бәйтерегіне
айналып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
елде жағдай қиын болды. Тоқырау
жылдары біраз адамдарды әбігерге
салды. Шүкір, сол кезеңдер де артта қалып, бүгінгі қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманға да келіп
отырмыз. Ел аман, жұрт тыныш.
Сондықтан барымызды бағамдай
білейік. Тәуелсіздігімізді қастерлей
білейік.
Сейіткерім Сармешұлы 1994 жылдан
бастап кеден қызметі органдарының
саласына қызметке орнықты. Бұл
қызметте де ол ұжымға сыйлы, көпшілікке қадірлі адам болды. «Құлан
кеден» бекеті қызметі бастығының
орынбасары болып, абыроймен еңбек
етті. Меркі және Алматы қаласында
да кеден қызметі саласында еңбек
етіп, өз ісінің нағыз білгірі екенін жанжағына ұқтырып, осы салада табаны
күректей 25 жыл жұмыс істеп, 2019
жылы зейнетке шықты. Осының бәрі
– қажырлы еңбек әрине. Адамдық
құндылықтар құнсызданып жатқан
мына заманда осындай нағыз еңбек
адамдарының болмыс-бітімін көбірек
насихаттағанымыз жөн деп санаймын.
Сейіткерім мен Тұрсынай әркез
ұл-қыздарының қолдаушысы, немерелерінің қамқоршысы екенін айтқым
келеді. Олар өздерінің ұл-қыздарының
барлығына да өнегелі тәрбие беріп, ешкімнен кем қылмай өсірді. Әке-шеше
тәлімімен сусындап, қазақы тәрбиеге
қанып өскен ұл-қыздар осы күні өздері
қызмет етіп жатқан салаларда өзіндік
орны қалыптасқан мықты мамандар
деуге болады. Екеуі де қарапайым өмірде
жұптары жарасқан, абыройлары қыр
асқан, бір-біріне құрметі шексіз, дархан
көңілді, риясыз пейілді, айналасына
сыйлы адамдар деп толығымен айта
аламын.
Сейіткерім Сармешұлы! Мерейлі
70 жасыңыз құтты болсын. Сіз
әрдайым абырой биігінен көрінгенсіз.
Еткен еңбегіңіз әрқашан елеулі. Сіз
қай қызметте жұмыс жасасаңыз да,
сол қызметтердің барлығында да тек
адамгершілік ар мен сыйластыққа
негізделген кіршіксіз құрметті алдыңғы
орынға қойғансыз. Соның арқасында
жетпіс дейтін желкеннің кемесіне
сый-құрметпен, зор абыроймен келіп
отырсыз. Деніңіз қуатты, өміріңіз
шуақты болсын.
Серік ҚАРАТЫШҚАНОВ,
замандасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий