РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
10 ViewsТарихта кейбір күндер жай ғана күнтізбедегі белгі болып қалмайды. Олар тұтас бір ұлттың тағдырымен, арманымен және болашаққа деген үмітімен байланысты болады. Республика күні –…
Аудан аумағында Республика күніне
орай, «Таза Қазақстан» акциясы аясында
веложарыс ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан
әкімі Ернар Есіркепов те қатысып, жарысқа
қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыс Қарақат ауылынан
бастау алып, қатысушылар 13 шақырымдық
жолды еңсерді. Орталық саябақтағы мәреге
бірінші болып Р.Сәбденов ауылының тұрғыны Әміржан Маушев жетті.
Ал 40 жастан асқан спортшылар арасында Жарлысу ауылының тұрғыны,
60 жасқа толса да, ширақ қимылымен өзгелерден оқ бойы озып келген ардагер
спортшы Бекет Жиенқұлов жеңімпаз атанды. Жарыс қорытындысы бойынша
жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай спорттық шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай,
қоршаған ортаны аялауға, тұрғындардың бірлігі мен белсенділігін арттыруға
да ықпал етеді.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.