Тәуелсіздік бастауы – РЕСПУБЛИКА КҮНІ

12 Views

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, «ТӘУЕЛСІЗДІК

БАСТАУЫ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Іс-шара аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Луговой ауылдық

мәдениет үйі, ауылдық кітапхана және жастар маманының бірлесуімен өткізілді.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас

ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ел тарихына деген

құрметін арттыру және Республика күнінің тарихи маңызын кеңінен насихаттау.

Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі

көңіл-күй сыйлады. Ән мен жырға ұласқан өнер кеші ел бірлігі мен ынтымағын,

туған жерге деген сүйіспеншілік пен Отанға деген мақтаныш сезімін айшықтады.

Республика күні – еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігін айқындайтын маңызды

мереке. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық

рухты қалыптастырып, ел болашағына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Мерекелік іс-шара елге деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, қатысушыларға

ерекше әсер сыйлады.

«Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий