РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

11 Views

Тарихта кейбір күндер жай ғана

күнтізбедегі белгі болып қалмайды.

Олар тұтас бір ұлттың тағдырымен,

арманымен және болашаққа деген

үмітімен байланысты болады.

Республика күні – осындай тарихи

маңызы бар мерекелердің бірі. Ал осы

күннің тарихын қаншалықты білеміз

және оның біз үшін маңызы қандай?

Республика күні – 1990 жылы қазан

айының 21-і күні Қазақ КСР Жоғарғы

Кеңесі қабылдаған. «Қаз КСР-інің

мемлекеттік егемендігі туралы»

декларация қабылданды. Бұл құжат

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде

қалыптасуындағы маңызды қадам

болды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді

Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке

мемлекет ретінде таныла бастады.

Өйткені Қазақстанның мемлекеттік

тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда

жарияланды. Қазақстанның тәуелсіз

мемлекет ретінде қалыптасуы халқы-

мыздың тарихындағы маңызды кезең.

Алайда тәуелсіздікке қол жеткізу – бір

белес болса, оны сақтау мен елдің

дамуына үлес қосу – одан да үлкен

жауапкершілік. Тәуелсіздіктің тұғы-

рын берік ұстау – әр бір азаматтың

міндеті. Ал жастардың білімді, саналы

әрі Отаншыл болуы еліміздің ертеңі

үшін маңызды. Өйткені елдің болашағы

бүгінгі ұрпақтың қолында екені анық.

Халқымыздың «Өткенін білме-

геннің – болашағы бұлыңғыр» де-

ген тағылымды сөзі бар. Расында

да, өз тарихын таныған ұрпақ қана

тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп,

ел болашағына жауапкершілікпен

қарай алады. Сондықтан жастардың

республика күнінің тарихи маңызын

білуі – өткенге құрмет қана емес,

келешекке деген сенімнің белгісі.

Мен үшін тарихты құрметтеу –

өткенді мақтан ету ғана емес, сол өткен-

нен сабақ алып, елдің ертеңіне жауап-

кершілікпен қарау. Себебі бүгінгі жас

– ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Күнде бір көктен жаңарып жатқан,

Қазақстан – Республикам менің!

– деген Д.Әбілевтің жыр жолдары

жаңа Қазақстанымыздың келбетін

айқындайды.

Республика күні – елдігімізді ай-

шықтап, бірлігімізді бекемдейтін ме-

реке. Осы айтулы күн әр жүрекке

мақтаныш, әр шаңыраққа қуаныш

сыйласын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,

болашағымыз баянды болсын.

Ақзере ОРЫНБАСАР,

Абай атындағы орта мектептің

11-сынып оқушысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий